Бұл туралы Қырғызстан Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Тынчтык Шайназаров мәлімдеді.
Оның айтуынша, өтініштерді қабылдау 13 қарашаға дейін жалғасады. Одан кейін комиссия кандидаттарды тіркеп, сайлауға дайындықты жалғастырады.
Бұған дейін «Қырғызтест» орталығы Қырғызстан президенттігіне үміткер болуы мүмкін екі азамат мемлекеттік тілді білу деңгейін анықтау тестінен өткенін хабарлаған. Алайда белгіленген тәртіпке сәйкес, олардың есімдері мен тест нәтижелері жарияланбайды. Кейбір мәліметтер бойынша, емтиханды Қырғызстанның бұрынғы ішкі істер министрі Өмүрбек Суваналиев пен Қаржы полициясының бұрынғы басшысы Сыймык Жапыкеев тапсыруы мүмкін.
Еске сала кетейік, 24 қыркүйекте Қырғызстан парламенті президент сайлауын тағайындау туралы қаулы жобасын қабылдады. Құжатқа сәйкес, сайлау 2027 жылғы 27 қаңтарда өтеді.
Қазіргі президент Садыр Жапаров алдағы сайлауға қатысуға ниетті екенін мәлімдеді. Сондай-ақ Өмүрбек Суваналиев пен Сыймык Жапыкеев те президенттік сайлауға қатысу жоспарлары бар екенін хабарлаған.
Бұған дейін Қырғызстандағы президент сайлауына қанша қаражат жұмсалатынын хабарлаған болатынбыз.