«Мамандардың айтуынша, қазандықтың оң жақ тұзды бөлігінде зақымдалған 5 экрандық құбыр ауыстырылды. Бұған дейін сол жақ тұзды бөлігінде 12 құбыр ауыстырылған болатын.
Барлық монтаждау жұмыстары аяқталғаннан кейін кәсіпорын қызметкерлері дәнекерленген құбырлар металдарын бақылаудан өткізіп, гидравликалық сынақтар жүргізілді.
Қуат блогы 17 тамызда сағат 17:30-да енгізілген. МАЭК қызметкерлері апатты тез арада жою үшін тәулік бойы үздіксіз жұмыс жүргізді. Энергия блогын жөндеу жоспарланған мерзімнен бұрын аяқталды.
Қазіргі уақытта Энергия блогының жұмысы сынақтан өткізілуде, халық пен өнеркәсіптік кәсіпорындардың көпшілігі үшін «кезең-кезеңімен» электр қуатынан ажырату режимі алынып тасталды. МАЭК мамандары барлық уәкілетті мемлекеттік органдармен және коммуналдық қызметтермен тұрақты консультациялар жүргізеді», - делінген мәліметте.
Еске салайық, Маңғыстау өңірінің бірқатар елді мекені 11 тамыз күні түстен кейін жарықсыз қалған болатын. Кейін «МАЭК» ЖШС апаттың себебін түсіндіріп, тұрғындар мен кәсіпорындар үшін электр энергиясы кезең-кезеңімен ажыратылып отыратыны хабарланды. Төтенше жағдай енгізу мәселесі де қаралып, электр энергиясы өшірілетін уақыттың кестесі жарияланды.
Айта кетейік, бұл «МАЭК» ЖШС-дағы алғашқы апат емес. Биылғы 3 шілдеде Атырауда бірнеше шағынауданда жарық сөніп қалған еді. Электр қуатының өшу себебі Маңғыстау атом энергетика комбинатының №1 энергия блогының апаттық жағдайда ажыратылуынан болғаны айтылды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау мұнай өңдеу зауыты мен Маңғыстау атом энергетика комбинатында туындаған жағдай бойынша мемлекеттік комиссия құруды тапсырды. Кейін Үкіметте мемлекеттік комиссияның алдын ала қортындысы қаралып, Премьер-Министр Әлихан Смайылов МАЭК-тегі апатқа кінәлілер жауапқа тартылатынын атап өтті.