Мемлекет басшысы қазақстандық боксшыларды құттықтады

Фото: Ақорда

АСТАНА. KAZINFORM — Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Санжар Тәшкенбай мен Махмұд Сабырханды бокстан әлем чемпионы атануымен, сондай-ақ Назым Қызайбайды күміс жүлде иеленуімен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Мемлекет басшысы спортшыларымыздың алдағы финалдық жекпе-жектеріне сәттілік тіледі.

Еске сала кетейік, бұған дейін Санжар Тәшкенбай мен Махмұд Сабырхан алтын медаль иегері атанса, Назым Қызайбай күміс жүлдеге қол жеткізген болатын.