ІІ өңіраралық ынтымақтастық форумы: Қазақстан мен Қырғызстан қандай құжаттарға қол қойды

АСТАНА. KAZINFORM — Бішкекте Қазақстан мен Қырғызстанның II өңіраралық ынтымақтастық форумы өтіп жатыр. Жиын барысында өңіраралық, ведомствоаралық және іскерлік әріптестік жөніндегі 14 құжатқа қол қойылды, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Бішкектегі меншікті тілшісі.

Фото: Kazinform

Форумға Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов пен Қырғыз Республикасының Министрлер кабинетінің төрағасы – Президент Әкімшілігінің басшысы Әділбек Қасымалиев тең төрағалық етіп отыр.

Өңіраралық ынтымақтастық бойынша мынадай құжаттарға қол қойылды:

* Қазақстанның Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі мен Қырғыз Республикасы Президентінің Ыстықкөл облысындағы өкілетті өкілінің аппараты арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум.

Қазақстанның Ақмола облысындағы Щучинск-Бурабай курорттық аймағы мен Қырғыз Республикасының Ыстықкөл облысындағы Ыстықкөл курорттық аймағы арасында бауырластық байланыс орнату және ынтымақтастықты дамыту туралы келісім.

* Қазақстанның Алматы облысы мен Қырғыз Республикасы Президентінің Жалал-Абад облысындағы өкілетті өкілі аппараты арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум.

* Қазақстанның Қызылорда облысы мен Қырғыз Республикасы Президентінің Жалал-Абад облысындағы өкілетті өкілі аппараты арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум.

* Қазақстанның Қарағанды облысы мен Қырғыз Республикасы Президентінің Жалал-Абад облысындағы өкілетті өкілі аппараты арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум.

* Қазақстанның Жетісу облысының әкімдігі мен Қырғыз Республикасы Президентінің Нарын облысындағы өкілетті өкілі аппараты арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум.

* Алматы қаласының әкімдігі мен Бішкек қаласының әкімдігі арасындағы 1997 жылғы 12 желтоқсандағы бауырластық байланыс орнату туралы келісімді іске асыру жөніндегі 2026-2030 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары.

• Түркістан қаласы мен Қырғызстанның Жалал-Абад облысындағы Манас қаласы арасында бауырластық байланыс орнату туралы меморандум.

Денсаулық сақтау саласында мынадай құжатқа қол қойылды:

* Қазақстан мен Қырғызстанның Денсаулық сақтау министрліктері арасындағы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды мемлекетаралық сатып алу жөніндегі ынтымақтастық туралы келісім.

Іскерлік ынтымақтастық бағытында мынадай құжаттарға қол қойылды:

* Қазақстандық «Добрые Традиции» компаниясы мен Қырғызстанның «Прод Импекс» ЖШҚ арасындағы консервіленген өнімдерді жеткізу туралы келісімшарт.

* Қазақстандық «Добрые Традиции» ЖШС мен Қырғызстанның «Алайку Органикс» ЖШҚ арасындағы ұлттық сусындарды жеткізу жөніндегі дистрибьюторлық келісім.

* Қазақстанның «Satu Company» ЖШС мен Қырғызстанның «Алайку Органикс» ЖШҚ арасындағы ұлттық сусындарды жеткізу жөніндегі дистрибьюторлық келісім.

* Қазақстанның «Астана Моторс» компаниясы мен Қырғызстанның «Траст Технолоджис» ЖШҚ (IVOX Group) компаниясы арасындағы қазақстандық өндірістің коммерциялық және арнайы техникасын Қырғызстан нарығында ілгерілету жөніндегі ынтымақтастық туралы келісім.

* Қазақстандық GT OilService компаниясы мен Қырғызстанның «Tan Auto» ЖШҚ арасындағы FerTurino мотор майын Қырғызстан нарығында ілгерілету жөніндегі ынтымақтастық туралы меморандум.

Еске сала кетейік, Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектеновтің ресми сапармен Қырғызстанға барғанын хабарлаған болатынбыз.

Сонымен қатар Бішкекте Қазақстан мен Қырғызстанның II өңіраралық жиыны басталғанын жазған едік.

Бұдан бөлек Қазақстан мен Қырғызстан сауда көлемін 3 млрд долларға жеткізуді көздейтінін хабарлаған болатынбыз.