Geo телеарнасының мәліметінше, құтқару жұмыстары әлі де жалғасып жатыр.
Бұған дейін апат салдарынан тоғыз адамның қаза тапқаны хабарланған еді. Шахта иесінің айтуынша, оқыс оқиғаға метан жарылысы себеп болуы мүмкін. Сол кезде жер астында 42 жұмысшы болған.
Қазіргі уақытта үйінді астында қалған кеншілерді құтқару операциясы жүргізіліп жатыр.
Материал Kazinform агенттігіне серіктес Ховар агенттігі тарапынан арнайы ұсынылды.
Айта кетейік, бұған дейін Пәкістанда көмір шахтасы опырылып түсіп, кеншілер көз жұмғанын жаздық.
Пәкістан армиясы содырларға қарсы 40 мыңнан астам операция жүргізгені хабарланған.