Палау орталығындағы жарылыс: тергеу аяқталып, іс сотқа жетті

ШУЧЬЕ. KAZINFORM — Ақмола облысының Щучье қаласындағы Палау орталығындағы өртке қатысты іс бойынша сотқа дейінгі тергеу аяқталды. Бұл туралы Ақмола облысының прокуратурасы редакция сауалына берген жауабында мәлімдеді.

Фото: Оксана Матасова/Kazinform

 Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 296-бабына сәйкес іспен танысу жүріп жатыр. Ол аяқталғаннан кейін шешім қабылданады, — деп бөлісті ведомстводан.

Еске салсақ, 26 ақпаннан 27-сіне қараған түні Щучьедегі дәмханада газ баллоны жарылған болатын. Алғашқы нұсқада алты адамның қаза тапқаны хабарланған еді.  

Төтенше жағдай болған сәтте Щучье қалалық стационарына түрлі дәрежедегі күйікпен 13 адам жеткізілген еді. Кейін жарылыс салдарынан зардап шеккен тағы бес науқас Көкшетаудағы ауруханаға ауыстырылды.

Щучье қаласындағы «Палау орталығы» дәмханасында болған газ-ауа қоспасының жарылысы аймақтағы ірі төтенше жағдайлардың бірі болды. Ресми мәліметке сенсек, апат салдарынан 28 адам зардап шегіп, 7 адам өмірмен қош айтысқан. Жалпы құрбандар саны 12-ге жетті. 

Оқиға фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сондай-ақ «Палау орталығы» дәмханасының иесі ұсталғаны белгілі болды. 4 наурызда ол екі айға қамауға алынды.

Аяулым Қанатқызы