Президент Әкімшілігінің Басшысы Айбек Дәдебай АЭС салу мәселесі бойынша референдумда өз таңдауын жасады

Фото: Фото: Ақорда

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы Айбек Дәдебай Президент орталығында орналасқан №211 референдум учаскесіне барып, АЭС салу мәселесі бойынша республикалық референдумда дауыс берді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті. 

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев АЭС бойынша референдумда дауыс бергенін жазған болатынбыз.

БАҚ өкілдерімен шағын сұхаты барысында Мемлекет басшысы Үкімет жұмысына баға берді.

Сондай-ақ тілшілер сұрағына орай, ұстаздардың қоғамдық мәртебесі міндетті түрде көтерілетінін айтты.

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин АЭС салуға қатысы референдумда елордадағы №164 дауыс беру учаскесінде өз таңдауын жасады.

Үкімет басшысы өз таңдауын жасады.

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев АЭС салуға қатысты референдумда елордадағы №164 учаскеде дауыс берді.

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов елордадағы №163 референдум учаскесінде дауыс берді.

Еске салсақ, Орталық референдум комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров елдің барлық өңірінде Қазақстанда атом электр станциясын салу мәселесі бойынша жалпыұлттық референдум басталғанын ресми мәлім етті.