Еске сала кетейік, кеше Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астана әуежайында елімізге мемлекеттік сапармен келген Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саидты күтіп алған болатын.
Ал бүгін елордада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саидты қарсы алу рәсімі өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Оман Сұлтаны шағын құрамда келіссөз жүргізді.
Оман Сұлтаны Қазақстанның жасанды интелект саласындағы жетістіктеріне қызығушылық танытты.
Қазақстан мен Оман инвестиция, әуе қатынасы және мұнай-газ саласында жаңа келісімдер жасады.
Оман Сұлтаны Қазақстанға алғашқы сапарында «Алтын Қыран» орденімен марапатталды.