Анықталғандай, күдіктілер жасырын алаяқтық схемаларды қолданып және кәсіпорынның жекелеген қызметкерлерімен сөз байласа отырып, жеткізілетін шикізаттағы темір құрамының көрсеткіштерін қолдан көтеріп отырған. Кәсіпорынға келтірілген залал шамамен 190 млн теңгені құрады.
— Барлығы заңсыз әрекеттерге қатысы бар 13 адам ұсталды — олардың барлығы Теміртау қаласының тұрғындары. Тінту барысында ірі көлемде қаражат және басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленді, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, — делінген хабарламада.
Қабылданған шаралар қалақұраушы кәсіпорынның тұрақты жұмысы мен тіршілігін қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасатын болады.
Бұған дейін Қарағанды облысында интернет-алаяқтықтың 335 фактісі тіркелгенін жаздық.