Роман Скляр мәслихаттар депутаттары сайлауында дауыс берді

АСТАНА. KAZINFORM — ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы Роман Скляр мәслихат депутаттарының сайлауында дауыс берді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Фото: Ақорда

Ол Тәуелсіздік сарайында орналасқан №520 сайлау учаскесіне барып, өз таңдауын жасады.

Фото: Ақорда

 

Еске салайық, бүгін Қазақстанда барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтіп жатыр.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Тәуелсіздік сарайында орналасқан №520 сайлау учаскесіне барып, Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауында дауыс берген болатын.

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов те мәслихаттар депутаттары сайлауына қатысып, дауыс берді.

Айта кетейік, қазақстандықтар мәслихат депутаттарын сайлауға белсенді қатысып жатыр. Әсіресе жастардың белсенділігі байқалады. Бірі сайлау учаскесіне ата-анасымен келсе, енді бірі достарымен бірге дауыс беруге барған. Ал кейбірі бүгін алғаш рет сайлау бюллетенін алып отыр.