Жапаров сайлауға өзін-өзі ұсынған кандидат ретінде тіркелді.
2026 жылдың 10 қарашасындағы жағдай бойынша Орталық комиссияға президенттікке үміткерлерден алты өтініш келіп түскен. Өтініштер 2026 жылдың 13 қарашасына дейін қабылданады.
Бұған дейін Жапаров алдағы президент сайлауында мықты қарсылас шығатынына сенім білдірген болатын.
Қырғызстандағы келесі президент сайлауы 2027 жылдың 27 қаңтарына жоспарланған.
Қырғызстан Орталық сайлау комиссиясының дерегінше, президент сайлауына барлығы 1,2 млрд сом (шамамен 6,06 млрд теңге) жұмсалмақ.