Шайбалы хоккейден әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасы бүгін Словениямен кездеседі
Аталған ойын елорда уақытымен 23:20-да басталып, Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Екі құрама бұған дейін он бір мәрте кездесті. Сегіз ойында Қазақстан, үшеуінде жеңіске жетті.
Словениия құрамасы әлем чемпионатына 18 мәрте қатысып отыр. Әзірге жоғары жетістігі - 2002, 2005 жылдарда 13 орынға ие болуы.
Қазақстандық хоккейшілер биылғы әлем чемпионатында алты кездесу өткізді. Бұған дейін буллиттен Норвегияны 4:3 есебімен жеңді.
Одан кейін Чехиядан 1:5, Швейцариядан 0:5, Канададан 1:5 есебімен жеңіліп қалды.
Ал Словакияны буллиттен 4:3 есебімен тізе бүктірсе, Латвияға 0:7 есебімен жол берді.
Еске салсақ, ел құрамасы әлем чемпионатының элиталық дивизиондағы орнын сақтап қалды.
Қазақстандық хоккейшілер алты ойыннан кейін төрт ұпай жинады.
Ал Словения қатарынан алты кездесуде қарсыластарына есе жіберіп, бірде-бір ұпайға ие болған жоқ.
Аталған ойында словениялық хоккейшілер жеңіске жеткен жағдайда да қазақстандықтарды басып оза алмайды.
Сондай-ақ, В тобында бүгін Канада - Норвегия құрамалары кездеседі.
А тобында Дания - Швеция, Австрия - Венгрия құрамалары ойнайды.