Ведомство мәліметінше, Вашингтон, Нью-Йорк, Сан-Франциско, Оттава және Бразилиа қалаларындағы сайлау учаскелері әлі де жұмыс істеп жатыр. Астана уақытымен сағат 00:00-ге дейін шетелдегі 74 сайлау учаскесі өз жұмысын аяқтайды.
— Шетелдегі дауыс беру 24 тамыз күні Астана уақытымен сағат 08:00-де АҚШ-тың Сан-Франциско қаласындағы Қазақстанның Бас консулдығы жанындағы сайлау учаскесінің жабылуымен аяқталады, — делінген хабарламада.
Бұдан бұрын Қазақстанда Құрылтай депутаттарын сайлау бойынша дауыс беру аяқталды. Жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де ел аумағындағы сайлау учаскелері жабылып, комиссиялар дауыстарды санауға кірісті.
Сонымен қатар, еліміздегі 9 779 сайлау учаскесінде 25 мыңға жуық қоғамдық байқаушы жұмыс істеп жатқаны белгілі болды.
Бүгін Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келгені анықталды.