Министрлік тұрғындардан аса қажет болмаса үйден шықпауға, алыс сапарларды кейінге қалдыруға, жүргізушілерден жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, қауіпсіз жылдамдықты таңдап, маневрлерден аулақ болуға, көлік құралдары арасындағы арақашықтықты сақтауға шақырды.
- Қолайсыз ауа райы салдарынан жолда және қоғамдық орындарда қауіп жоғары. Біз азаматтарды жауапкершілік танытып, қауіпсіздік шараларын сақтауға және төтенше қызметтердің ресми хабарламаларын қадағалап отыруға шақырамыз, - деп атап өтті ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова.
Осыған дейін бас травматологтың елордада аяз бен көктайғаққа байланысты тұрғындарға үндеу жасағаны туралы жаздық.
Сондай-ақ Астанада көктайғақ салдарынан 100-ден астам жол-көлік оқиғасы болған.