ҚОНАЕВ. KAZINFORM – Талғарда болған жер сілкінісі видеосы әлеуметтік желіде тарады.
Видеодан жер дүмпуі мен гуілдеген дыбысты естуге болады.
Еске салайық, бүгінгі жер сілкінісі Талғар қаласында қатты сезілген болатын. Ғимараттардың қирағаны мен зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.
Алматы облысы Талғар ауданында жер сілкінісіне байланысты мектептерде сабақ болмайтыны туралы жазған едік.
Сондай-ақ алматылықтарға жер сілкінісі туралы SMS-хабарлама келген жоқ.
Алма Мұқанова
Алма Мұқанова Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының «Кино және Телевизия» факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, республикалық телеарналарда түрлі қызметтер атқарған. 2019 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің тілшісі. ҚР Журналистер одағының мүшесі.