АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстанның екінші, әлемнің 144-ракеткасы Тимофей Скатов Чилидегі Консепсьон ATP Challenger Tour турнирінің финалында жеңіліп қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Т.Скатов соңғы бәсекеде әлемнің 76-ыншы, осы жарыстың 1-ракеткасы, аргентиналық Федерико Кориамен бас жүлдені сарапқа салды.
Аргентиналық спортшы екі сағатқа жуық созылған матчта 6:4, 6:3 есебімен жеңіске жетті. Ол 5 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды. Т.Скатов 2 брейкпен (7 брейк-пойнт) көзге түсті.
Тимофей Скатов осы челлендж додасының финалына дейін жетуі арқасында бүгін жаңартылатын әлемдік рейтингте 129-орынға көтеріледі. Бұл ол үшін рекордтық көрсеткіш болмақ.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Аустралия чемпионатында Елена Рыбакинаның чемпион атана алмағанын жазған едік.
Елена Рыбакина қазақстандық теннисшілерден алғаш рет әлемде 10-орынға көтеріледі.
Тимофей Скатов Чилидегі турнирдің финалына шықты.
Новак Джокович оныншы рет Аустралия чемпионы атанды.
Заңғар Нұрланұлы алғаш рет ITF Juniors турнирінде чемпион атанды.
Фото – Қазақстан теннис федерациясы.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).