«Өкінішке қарай, мұндай фактілер болып тұрады. Қазір тергеу шаралары жүріп жатыр. Комиссия жұмысынан кейін нәтижесі белгілі болады. Алдын ала мәліметтер бойынша, әртүрлі нұсқалар, соның ішінде техниканың істен шығуы қарастырылып жатыр. Жалпы алғанда, кез-келген техниканың істен шығу қаупі бар. Аталған тікұшақ ең сенімді болып саналады және әлемнің 50-ден астам елінде қолданылады», - деді Сұлтан Қамалетдинов елордада өткен Digital army day іс-шарасы барысында.
Еске сала кетсек, 9 қарашада Ақтөбе облысы Мәртөк ауданя Сарыарқа ауылы маңында әскери тікұшақ жанып, бортта болған бір адам мерт болған еді. Екеуі ауруханаға жеткізілді.
Ақтөбе облысының әкімдігі тікұшақ апатынан зардап шеккендерге көмек көрсетілетіні туралы хабарлады.
Ізін суытпай Ақтөбеде тікұшақ апатына байланысты қылмыстық іс қозғалды.