Тікұшақ апаты: Қылмыстық іс қозғалды

АҚТӨБЕ. KAZINFORM — Ақтөбеде тікұшақ апатына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу жүріп жатыр.

полиция
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

— Ақтөбе облысындағы аэродром аумағында оқу-жаттығу ұшуларын орындау кезінде МИ-8 тікұшағы қатты қонып, артынша отын бактары өртенген. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиға орнында тергеу органдары жұмыс істеп жатыр, — деп хабарлады ҚР ІІМ ӘТД Батыс өңірлік әскери-тергеу басқармасы.

Еске салсақ, бүгін Мәртөк ауданы Сарыжар ауылында тікұшақ апатқа ұшырып, жанып кетті. 

Бортта үш адам болған. Оның біреуі оқиға орнында көз жұмды. 

Екі науқасты күйік шалған. Олар Ақтөбе облыстық көпсалалы ауруханада ем қабылдап жатыр. Әзірге науқастардың аты-жөні белгісіз. 

Соңғы жаңалықтар