— Кездесу барысында саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық ықпалдастықтың кең көлемді мәселелері қарастырылды, — делінген хабарламада.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Кремльде Қасым-Жомарт Тоқаевты ресми қарсы алу рәсімі өтті.
Кейіннен Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путиннің келіссөзі басталғаны белгілі болды.
Айта кетейік, кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путиннің шақыруымен Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды.
Президент Мәскеудегі халықаралық қатынастар институтының студенттерімен әңгімелесті.
Кейіннен Кремльде Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путиннің бейресми кездесуі өтті.