Бұл туралы журналистерге ел парламентінің спикері Хорхе Родригес мәлімдеді.
Бұған дейін елдің уақытша президенті Делси Родригес 589 адамның қаза тауып, 2890 адамның жараланғанын хабарлаған болатын. Билік өкілдерінің айтуынша, үйінділерді аршу жұмыстары жалғасып жатқандықтан, қаза тапқандар саны әлі де артуы мүмкін. Құтқарушылар үйінді астынан көз жұмған адамдардың денелерін жиі тауып жатыр.
Венесуэлада сәрсенбі кеші мен бейсенбі таңында магнитудасы 7,2, 7,5 және 4,5 болатын бірнеше жер сілкінісі тіркеліп, көптеген тұрғын үй қирады. Елде төтенше жағдай режимі енгізіліп, ең көп зардап шеккен Ла-Гуайра штаты әскери күштердің бақылауына берілді.
Қазіргі уақытта Венесуэла халықаралық ұйымдар мен түрлі мемлекеттердің гуманитарлық көмегін қабылдап жатыр.
Еске салайық, бұған дейін Венесуладағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 235 адамға жеткені хабарланған еді.
Сондай-ақ Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Венесуэланың уақытша президенті Делси Родригеске көңіл айту жеделхатын жолдады.