Зардап шеккендер бар: Жапонияның тағы бір аумағында жер сілкінді

АСТАНА. KAZINFORM — Жапонияның батысындағы Сидзуока префектурасы маңында 5,7 магнитудалы жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Kyodo .

Фото: aa.com.tr/ru

Жер сілкінісінің ошағы 40 шақырым тереңдікте орналасқан. Жерасты дүмпулері салдарынан теміржол қатынасында, соның ішінде жоғары жылдамдықпен жүретін «синкансэн» пойыздарының қозғалысында іркілістер болды.

Сондай-ақ табиғи апаттан 20-дан астам адам зардап шеккен. Олардың басым бөлігі құлап, денесі көгеріп, жарақат алған. Зардап шеккендердің өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Жапониядағы атом нысандарында жер сілкінісіне байланысты штаттан тыс жағдайлар тіркелгені туралы ақпарат түскен жоқ.

Айта кетейік, Жапонияда бұған дейін де жер сілкінісі тіркелді.

Сондай-ақ бүгін түнде Африканың Намибия мемлекетінде де жер сілкінді.