Екі мемлекетте жер сілкінді
АСТАНА. KAZINFORM — Сенбі күні Жапонияның Хонсю аралының оңтүстік жағалауында магнитудасы 5,7 болатын жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы Германияның геофизикалық зерттеулер орталығы (GFZ) хабарлады, деп жахады Синьхуа.
Алдын ала мәлімет бойынша жер сілкінісінің ошағы 41,6 шақырым тереңдікте орналасқан. Оның координаттары солтүстік ендіктің 34,89 градусы және шығыс бойлықтың 137,87 градусы деп анықталған.
Бір күн бұрын елдегі жағалауда магнитудасы 6,1 болатын жер сілкінісі тіркелді.
Сондай-ақ осы күні Намибияның солтүстік-батысында магнитудасы 5,1 болатын жер сілкінісі болды. Бұл — Каманджаб ауданы маңында соңғы екі аптадан сәл астам уақыт ішінде тіркелген осындай магнитудадағы екінші жер сілкінісі. Бұл туралы елдің Өнеркәсіп, тау-кен өнеркәсібі және энергетика министрлігі мәлімдеді.
Министрліктің хабарлауынша, жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша сағат 17:22–де болған. Ошақ 10 шақырымнан аз тереңдікте орналасқан. Эпицентрі ел астанасы Виндхуктан солтүстік-батысқа қарай шамамен 400 шақырым жерде болған.
Зардап шеккендер мен материалдық шығын туралы әзірге ақпарат жоқ.
Бұған дейін, Қырғызстанның оңтүстігінде үш мәрте жер сілкінді.