Жақындап Абай жылы – жарты әлемді тербеді Абай жыры

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ләйлім-Шырақ есімді 9 жастағы оқушының эстафетасын Президент іліп әкеткелі Абайдың өлеңі мен қара сөзін оқу дәстүрі бүгінде жарты әлемге тарап кетті. Арысы АҚШ, Франция мен Жапонияның, берісі түркі тілдес елдердің өкілдері үн қосқан челлендж әртүрлі сипат алып, дүниенің әр түкпіріндегі ниеттес халықтардың қолдауына ие болып жатыр.

#Abai 175 челленджі күн өткен сайын ауқымын кеңейтіп жатыр.Акцияға Ресей, Беларусь, Ұлыбритания, Италия, Египет, Түркия, АҚШ, Украина,Австралия, Қырғызстан, Франция және Қытай сияқты 12 елдің интернетқолданушылары атсалысып үлгерді».

«Болашақ» бағдарламасының түлегі Шынар Шәкен (@shakenshynar)бастаған акцияны әуелі танымал блогерлер мен вайнерлер қолдап әкеткен болатын.Осылайша әлеуметтік желіде #Abai175 және #Абай175 хэштегімен жарияланғанкреативті идеялар көбейді.

Өзінің бірінші қара сөзінде Абай Құнанбайұлының «ақ қағаз бенқара сияны ермек қылайын, кімде-кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, яоқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі» дегені бар. Ұрпағы «керегі жоқдесе, өз сөзім өзімдікі» дейтін күдігін сейілтіп, мыңмен жалғыз алысқанкемеңгер бабаның мұрасын ұлт болып ұйысу жолында шамшырақ етіп ұстап келеді.Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Абайдың 175 жылдық мерейтойын мерекелеу туралы Жарлығындағы «мазмұндық деңгейде мерекелеу» сөзіне ерекше маңыз беруіміз керек. Яғни, маңыз– той тойлауда емес, ой ойлауда.

Өткен айда Ләйлім-Шырақ Абай өлеңдерінен үзінді оқып,эстафетаны жалғастыруды Мемлекет басшысына жолдады.


Оқушының бұл ұсынысын зорқуанышпен қабылдап, ақынның жастарды білім мен ғылымға шақыратын «Ғылым таппаймақтанба» атты өлеңінен үзінді оқып, жауап берді. Мемлекет басшысы Абайөлеңдерін оқу эстафетасын одан әрі Білім және ғылым министрі АсхатАймағамбетовке, Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұловаға және бүкіләлемді мойындатқан талантты әнші Димаш Құдайбергенге жолдады.

Әлбетте, министрлермен бірге Димаш та ізгі эстафетаныңтізгінін іліп әкетті.

Басталғалы бері эстафетаға алғаш рет халықаралық сипатберген де Димаш Құдайберген еді. Әнші ресейлік композитор Игорь Крутойға және әлемнің түкпір-түкпіріндегітыңдармандарына Абай жырымен сәлем жолдады.

Президент Әкімшілігінің басшысы Қырымбек Көшербаев, Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли, Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасыныңорынбасары Жансейіт Түймебаев,Парламент Сенатының депутаты Мұхтар Құл-Мұхаммед,Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев,Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов та Абай жырынан көпке шашу шашты.


Сондай-ақ, жапон депутаты Такео Кавамура Абайдың38-ші қара сөзінен үзінді оқыса,Францияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Филипп Мартинэ «Менжазбаймын өлеңді ермек үшін» деп қазақ тілінде көрерменнің жүрегін тербетті.


Ал АҚШ Елшісі Уильям Мозер «Желсіз түнде жарық ай» өлеңін әсем әуенніңсүйемелдеуімен оқып берді.


«Татарстан: Жаңағасыр» телерадио компаниясы мен Қырғызстанның ұлттық «Кабар» ақпарат агенттігінің тілшілері де ізгі бастамадан тыс қалған жоқ.



Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин болса, бұл маңызды шараны одан әрі жалғастыру үшін өзбекстандық әріптесіӨзбекстан Парламентінің Спикері, Өзбекстан Олий Мажлисінің Заң шығарупалатасының төрағасы - Нурдинжон Исмоиловке жолдады.

«Абай ақын әрі ұлы ойшыл бола отырып, халықтар арасындабейбітшілік салтанат құрғанда ғана қоғамның негізгі күштері: ғылым, озық ойлар,мәдениет дамиды деп санады», - деді өз кезегінде челленджді жалғастырғырған ӨРОлий Мажлис палатасының спикері Нурдинжон Исмоилов.

Баба жырын дәріптеу акциясына еліміздің басты халықаралықақпарат агенттігі үн қатты. ҚазАқпарат ұжымы Абайдың 175 жылдығына арналғанэстафетаны «Egemen Qazaqstan» газетінен қабыл алды. Бірнеше тілде ақпараттарататын агенттік қызметкерлері ұлы ақынның «Көзімнің қарасы» әнін бес тілдешырқап, эстафетаның мазмұнын байытты.


Бір ай бұрын басталған челленджге үн қосып жатқандар әлі декөп. Абайдың 175 жылдығын тойлауды еліміз осындай ізгі жыр эстафетасыменбастады.

Соңғы жаңалықтар