Жамбыл облысының бір топ азаматы мемлекеттік наградалармен марапатталды

ТАРАЗ. KAZINFORM — Олар еліміздің әлеуметтік-экономикалық және өнеркәсіптік дамуына қосқан елеулі үлесі үшін марапатқа ие болды. Сонымен қатар Президент Алғысын жариялады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Фото: Ақорда

Президент Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы Жарлыққа қол қойды.

— Еліміздің әлеуметтік-экономикалық және өнеркәсіптік дамуына қосқан елеулі үлесі үшін наградталсын, — делінген құжатта.

«Құрмет» орденімен

1. Өтелбаев Мағауия Мейірбекұлы — «Жасыл Ел-Тараз» ЖШС гидротехнигі, Тараз қаласы

2. Сарбасов Бейсенбек Маханұлы — «Жылы бұлақ — Меркі» ЖШС аға шопаны, Жамбыл облысы;

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

үшінші дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен

3. Байділдаев Марат Тайтеліұлы — «Жамбыл электр жүйесі» ЖШС Жамбыл ауданы электр желілерінің электр монтері, Жамбыл облысы

4. Байтұрсынов Бақытбек Тұлымханұлы — «Бурное сүт компаниясы» ЖШС жүк көтергішінің жүргізушісі, Жамбыл облысының Жуалы ауданы

5. Өтениязов Садуақас Әбдіназарұлы — «Talas Investment Company» ЖШС сорғы қондырғылары машинисі, Жамбыл облысының Талас ауданы

6. Пичиневский Андрей Анатольевич — «Мерке ірімшік зауыты» ЖШС дәнекерлеушісі, Жамбыл облысы

7. Сағындықов Жұмабек — «Жасыл Ел Тараз» ЖШС учаске аула сыпырушысы

8. Сәтбаев Елубай — «Фабрика ПОШ-Тараз» ЖШС автотиеуіш жүргізушісі, Тараз қаласы

9. Туранов Райм Мансурович — «Казфосфат» ЖШС «Минералды тыңайтқыштар» Тараз филиалының слесары-жөндеушісі, Тараз қаласы;

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

«Ерен еңбегі үшін» медалімен

10. Жолымбеков Сайлаубек Пашайұлы — «Мерке ет комбинаты» ЖШС мал дәрігері, Жамбыл облысы

11. Голубцов Андрей Анатольевич — «Т. И. Батуров атындағы Жамбыл ГРЭС-і» АҚ энергоблок машинисі, Тараз қаласы

12. Жуковская Татьяна Александровна — Ali-Ko Sut 2023» ЖШС бас технологі, Жамбыл облысының Жуалы ауданы

13. Қожамқұлов Нұрталап Қуантайұлы — «Рысбаева и Ко» ЖШС баспагері, Тараз қаласы

14. Сүгірбаева Шынар Асыранқұлқызы — «Амир и Д» ЖШС технологі, Тараз қаласы

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Бұдан бұрын Мемлекет басшысы Жамбыл облысына жұмыс сапарымен барғанын жазғанбыз. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар өнеркәсіптік және әлеуметтік нысандарды аралап көрді. Оның ішінде «Әмір және Д» ЖШС, «Тараз» шағын индустриалдық аймағы, Dala Glass әйнек өндіретін кәсіпорны бар.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысының жұртшылығымен кездесті.

Сөзінше, биыл Жамбыл облысына 600 млрд теңгеге жуық инвестиция тартылды.

Сондай-ақ Президент жамбылдықтарға ел дамуына қосқан үлесі үшін алғыс айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Бауыржан Момышұлына «Халық қаһарманы» атағын беру туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді.