Киодо агенттігінің хабарлауынша, Тынық мұхитының Хоккайдо жағалауы, сондай-ақ Аомори, Ивате және Мияги префектуралары биіктігі 1 метрге жететін цунамиге тап болуы мүмкін.
Ескерту жергілікті уақыт бойынша сағат 11:44 шамасында Аомори аралының шығыс жағалауында болған жер сілкінісінен кейін жарияланды. Табиғи апаттың ошағы шамамен 20 шақырым тереңдікте болған.
Еске сала кетейік, бұған дейін Жапонияда жойқын жер сілкінісі болғанын жазған едік. Ел билігі тағы да күшті жер сілкінісі қайталануы мүмкін екенін ескертті.