Жібек Құламбаева Қытайдағы турнирдің ширек финалына өтті

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева жұптық сында Чьянчжоу (Қытай) WTA турнирін жеңіспен бастады. Қазақстандық теннисші нидерландылық Изабель Ховерлагпен бірге алғашқы айналымда қытайлықтар Цюй Ихань – Чжан Жуйэньнің мысын басты.

Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Бірінші партияда қазақстандық-нидерландылық жұп 6:3 есебімен басымдық танытты. Екінші сетте жергілікті теннисшілер есе қайырды – 6:4. 

Супер тай-брейкте Ж.Құламбаева – И.Ховерлаг жеңісті жұлып алды – 10:5.

Бір сағат 25 минутқа созылған бәсеке барысында Жібек пен Изабель эйс жасамағанымен, 10 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды.

Қытайлық дуэт 4 эйс, 3 брейкпен (6 брейк-пойнт) көзге түсті.

Жібек Құламбаева – Изабель Ховерлаг жартылай финалға шығу үшін жарыстың 1-ракеткалары, ресейлік Мария Козырева – ұлыбританиялық Майя Лумсденмен таласады. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның әлемдік рейтингіде көшбасшылық орнын нығайта түскенін жазған едік. 

Сондай-ақ Бейбіт Жұқаев Сеул турнирінде негізгі жарысқа қосылды.