АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева жұптық сында Баотоу (Қытай) ITF W50 турнирінде үздік шықты.
Жарыстың 2-ракеткалары Ж.Құламбаева – ресейлік Екатерина Рейнгольд финалда италиялық Дилетта Черубини – қытайлық Ченги Юаньмен чемпиондық атақты сарапқа салды.
Қос сет те 6:1 есебімен қазақстандық-ресейлік жұптың пайдасына шешілді.
Матч небәрі 51 минутта аяқталды.
Осылайша, Жібек Құламбаева мен Екатерина Рейнгольд чемпиондық тұғырға көтерілді.
Мұның алдында Ж.Құламбаева Астанада Билли Джин Кинг кубогы аясында Канадамен өткен матчта Қазақстан құрамасы сапында сәтті өнер көрсеткен еді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Тимофей Скатовтың Шымкенттегі турнирде бас жүлде үшін сынға түсетінін жазған болатынбыз.
Сондай-ақ Елена Рыбакина Мадрид турнирін камбэкпен бастады.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).