Жібек Құламбаева Нидерландтағы турнирдің келесі айналымына өтті

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан құрамасының мүшесі, әлемнің 457-ракеткасы Жібек Құламбаева жекелей сында Амстелвен (Нидерланд) ITF W35 турнирінің 1/8 финалына шықты.

Фото: ҚТФ

Додада 11-ракетка болып тіркеліп, жарысты екінші айналымнан бастаған қазақстандық теннисші рейтингіде 685-орындағы бельгиялық Тилвит Ди Гироламидің мысын басты.

Матч 6:4, 6:2 есебімен Жібектің пайдасына шешілді. 

Бір сағат 39 минутқа созылған бәсекеде Ж.Құламбаева 4 брейк жасай алды.

Жібек Құламбаева ширек финалға шығу үшін әлемнің 365-ракеткасы, испаниялық Мария Тейшидо Гарсия немесе рейтингіде 711-орындағы Беларусь өкілі Полина Кухаренконың қай жеңгенімен таласады. 

Қазақстандық теннисші бельгиялық Полина Бахмуткинамен бірге бүгін жұптық кездесуін де өткізеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Уимблдон турнирінің екінші айналымына шыққанын жазған едік.

Уимблдон турнирінде Александр Бублик алғашқы қарсыласын камбэкпен жеңді.

Жібек Құламбаева Нидерландтағы турнирде айқын жеңіске қол жеткізді.