Жібек Құламбаева Таиландтағы жарыстың ширек финалына шықты
Қазақстандық Жібек Құламбаева жұптық сында Нонтхабури (Таиланд) ITF W50 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Kazinform.
Жарыстың 2-ракеткасы болып тіркелген Ж.Құламбаева грекиялық Сапфо Сакелларидимен бірге бастапқы кездесуін жапониялықтар Аои Ито – Эрика Семамен өткізді.
Бірінші партияда қазақстандық-грекиялық жұп тай-брейкте ептілік танытты – 7:6 (7:2).
Екінші сет одан оңайлау болды – 6:2.
Матч 1 сағат 22 минутқа созылды.
Жібек Құламбаева мен Сапфо Сакелларидидің ширек финалдағы қарсыластары кейін анықталады.
Өткен аптада Ж.Құламбаева – С.Сакеллариди Нонтхабуридегі дәл осындай додада жеңімпаз атанған еді.
Қазақстандық теннисші жекелей сында да бақ сынайды. Жібек алғашқы айналымда тағы бір жапониялық Нахо Сатодан өтуге тырысып көреді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Юлия Путинцеваның Хобартта ұтылып жатып, жеңісті жұлып алғанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ Анна Данилина Хобарт жарысының ширек финалына жолдама алды.
Александр Недовесов Аустралиядағы жарысты жеңіспен бастады.