АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі, әлемнің 419-ракеткасы Жібек Құламбаева жекелей сында Нагпур (Үндістан) ITF W15 турнирінде топ жарды.
Жарыстың 2-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші финалда рейтингіде 1 159-орындағы үндістандық Сонал Патилмен чемпиондық атақты сарапқа салды.
Жібек бірінші партияда айқын басымдылық танытты — 6:1.
Қазақстандық теннисші екінші сетте де есесін жібермеді — 6:3.
Осылайша, Жібек Құламбаева аталмыш додада абсолютті чемпион атанды. Бұған дейін ол ресейлік Екатерина Яшинамен бірге жұптық сында үздік шыққан еді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Жібек Құламбаеваның Үндістандағы турнирдің финалына жолдама алғанын жазған едік.
Сондай-ақ Жібек Құламбаева Үндістандағы турнирде жұптық сында үздік шықты.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).