АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі Жібек Құламбаева жұптық сында Ченнай (Үндістан) WTA 250 турнирінің ширек финалына жолдама алды.
Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда аустралиялық Габриэлла Да Силва Фикпен бірге жапониялық Хироко Кувата — үндістандық Анкита Райнаға тап келді.
Матч қазақстандық-аустралиялық дуэттің айқын басымдылығымен өтіп, 6:1, 6:1 есебімен аяқталды.
Бір сағатқа созылған бәсекеде Құламбаева — Фик эйс жасамағанымен, 10 брейк-пойнттың тең жартысын пайдаланды. Жібек Құламбаева — Габриэлла Да Силва Фиктің ширек финалдағы қарсыластары кейін анықталады.
Қазақстандық теннисші жекелей сында да жарысты жалғастырып жатыр.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын жас теннисшілердің Ақтөбеде халықаралық турнирде үш чемпиондық атақты жеңіп алғанын жазған едік.
Сондай-ақ Жібек Құламбаева Үндістандағы турнирде жапониялық теннисшіні екінші рет жеңді.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).