Жібек Құламбаева Үндістандағы турнирде жапониялық теннисшіні екінші рет жеңді

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық теннисші, әлемнің 473-ракеткасы Жібек Құламбаева жекелей сында Ченнай (Үндістан) WTA 250 турнирінің екінші айналымына жолдама алды.

Жибек Куламбаева продолжает победную серию и вышла в финал WTA 250
Фото: ҚТФ

Жібек алғашқы айналымда әлемнің 282-ракеткасы, жапониялық Мэй Ямагутимен шеберлік байқасты.

Бұл қос теннисшінің қатарынан өзара екінші кездесуі еді. Мұның алдында іріктеу сайысының финалында Жібек тартысты бәсекеде жапониялық спортшыны 3:6, 6:3, 7:6 (7:4) есебімен ұтқан еді.

Жеребеге сәйкес Ж.Құламбаева мен М.Ямагутидің негізгі жарыста жолдары қайта тоқайласты.

Бұл жолы Жібек бірінші партияда 6:4 есебімен басымдық танытты.

Екінші сетте де қазақстандық спортшының мерейі үстем болды – 7:5.

Екі сағатқа созылған матчта Құламбаева эйс жасамағанымен, 10 брейк-пойнттың жетеуін өз есебіне жазды. Ямагути 5 брейкпен (13 брейк-пойнт) көзге түсті.

Осылайша, Ченнай додасында М.Ямагутиді екі рет қапы қалдырған Жібек Құламбаева ширек финалға шығу үшін әлемнің 160-ракеткасы, тағы бір жапониялық Маи Хонтамамен таласады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Жібек Құламбаеваның Үндістандағы турнирде қарсыласын камбэкпен жеңгенін жазған едік.

Сондай-ақ жас теннисшілер Ақтөбеде халықаралық турнирде үш чемпиондық атақты жеңіп алды.