13 өңірде 663 мектеп қашықтан оқыту форматына ауыстырылды

АСТАНА. KAZINFORM — Оқу-ағарту министрлігі еліміздің бірнеше өңірінде мектептердің қашықтан оқыту форматына ауыстырылғаны туралы ақпарат таратты. 

13 өңірде 663 мектеп қашықтан оқыту форматына ауыстырылды
Фото: freepik.com

Ведомствоның мәліметінше, 2025 жылғы 2 желтоқсандағы жағдай бойынша республика бойынша 13 өңірде 663 мектеп пен 6784 сынып онлайн оқуға көшірілген. 

Министрлік ұсынған өңірлік деректер төмендегідей:

1. Қостанай облысы — 167 мектеп, 2727 сынып
2. Солтүстік Қазақстан облысы — 64 мектеп, 247 сынып
3. Ұлытау облысы — 15 мектеп, 93 сынып
4. Маңғыстау облысы — 1 мектеп, 1 сынып
5. Ақмола облысы — 58 мектеп, 268 сынып
6. Батыс Қазақстан облысы — 3 мектеп, 6 сынып
7. Жамбыл облысы — 20 мектеп, 986 сынып
8. Астана қаласы — 46 мектеп, 462 сынып
9. Шығыс Қазақстан облысы — 119 мектеп, 1034 сынып
10. Абай облысы — 48 мектеп, 299 сынып
11. Қарағанды облысы — 47 мектеп, 260 сынып
12. Атырау облысы — 18 мектеп, 94 сынып
13. Павлодар облысы — 57 мектеп, 307 сынып.

Бұған дейін Қазақстанда 900 мектеп қашықтан оқытуға көшкенін жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар