07:40, 19 Наурыз 2026 | GMT +5
Бүгін елімізде сегіз қаланың ауа сапасы бұзылатыны хабарланды
АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.
— 19 наурызда ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайы Қостанай, Павлодар, Өскемен, Риддер, Орал, Ақтөбе, Алматы, Астана қалаларында күтіледі, — делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Еске сала кетсек, Алматыда жүздеген автобус ауа сапасының бұзылуына себепші болған.