2025 жылы Dubai Duty Free дүкендерінде 719 тонна дубай шоколады сатылыпты
АСТАНА. KAZINFORM — 2025 жылы Dubai Duty Free сауда желісінде рекордтық сатылым тіркелді. Ең көп сұранысқа ие бес өнімнің қатарына парфюмерия, алкоголь өнімдері, алтын, темекі бұйымдары және шоколад өнімдері кірді. Бұл туралы Gulf News басылымы хабарлады.
Өткен жылы Dubai Duty Free-дің сатылым көлемі 9,85%-ға өсіп, рекордтық 2,4 млрд АҚШ долларына жетті. Барлық негізгі тауар санаттарында тұрақты өсім байқалды.
Парфюмерия жалпы сатылым көлемінің 18,45%-ын құрап, 438,6 млн доллар табыс әкеліпті.
Алкоголь өнімдері (12,22%) — 290,6 млн доллар, алтын (10,3%) — 245,6 млн доллар, темекі бұйымдары — 242,08 млн долларға сатылған.
Кондитерлік өнімдердің жоғары сатылымына «дубай шоколады» да үлес қосқан. Былтыр Duty Free дүкендерінде бұл тәттіден барлығы 719 тонна сатылған. Оның ішінде Patchi Pistachio Kunafa Bar батондары мен Habibe Chocolate өнімдері бар. Аталған шоколадтардың жалпы сатылым сомасы 231,64 млн АҚШ долларын құрады.
Еске сала кетейік, 2025 жылы Дубайда ұшқышсыз такси қатынай бастағанын жаздық..
Алдағы жақын арадағы жоспарда екі ірі девелоперлік жоба бар: бірі – Mercedes-Benz компаниясымен бірлесіп салынатын элиталық тұрғын үй кешені және ішінен автожол өтетін алып сауда орталығы.