30 тамыздағы мереке күні тойлана ма — министрлік жауабы

АСТАНА. KAZINFORM — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Виктория Шегай 30 тамыздағы мереке күні ретіндегі датаның күші жойылатынын айтты.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

Бүгін Парламент Мәжілісінде тілшілер вице-министрден «ел халқы 30 тамыздағы Конституция күнін атап өте ме?» деп сұрады.

— Енді бұл дата демалыс күні ретінде саналмайды. Себебі жаңа Конституция күшіне енгеннен бастап 15 наурыз ресми түрде Ата заң күні ретінде саналады, — деді Виктория Шегай.

Еске салсақ, наурыз айының басында Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев елде Конституция күнін атап өту датасы қай жағдайда өзгеретінін түсіндірді.

Атап айтқанда, республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енеді, бұған дейін қабылданған Қазақстан Республикасы Конституциясының қолданысы сол мезгілден бастап тоқтатылады

Ал референдумда Конституция қабылданған күн, яғни 15 наурыз мемлекеттік мереке — Қазақстан Республикасының Конституциясы күні деп жарияланады

Айта кетейік, 17 наурызда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Конституциясына және «2026 жылғы 15 наурызда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды

Соңғы жаңалықтар