16:21, 15 Ақпан 2013 | GMT +5
36 жастағы әйел порнографиялық фильмдерді сатқаны үшін ұсталды - Ақтөбе
АҚТӨБЕ. 15 ақпан. ҚазАқпарат - Қылмыстық полиция қызметкерлері өткізген рейдтердің барысында базарда контрафактілік дисктерді сатқан 36 жастағы ақтөбелік азаматшаны ұстады.

ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, әйел 14 ақпан күні орталық қалалық базарда қолға түсті. Тәртіп сақшылары одан 118 контрафактілік дискті алды, соның ішінде порнографиялық мазмұндағы 2 диск болды.
Алынған барлық тауарлар бойынша техникалық және психологиялық-қылмыстық сараптама тағайындалды, оның қорытындылары бойынша ҚР ҚК-нің 184 бабы «Авторлық және (немесе) сабақтас құқықтарды бұзу» және 273 бабы «Порнографиялық материалдарды заңсыз тарату» баптары бойынша қылмыстық істер қозғау мәселесі шешіледі.
Әйел ешқайда кетпеу қолхатын толтырды. Тергеу амалдары жүргізілуде.
Облыстық ІІД қылмыстық полициясында атап өтілгендей, контрафактілік өнімдерді алу бойынша рейдтік шаралар жалғастырылады.