Абай есімі Үндістан әдебиетінде де танымал – Елшілік

АСТАНА. ҚазАқпарат – Абай шығармалары хинди тілінде «Шабд манжуша» атауымен жарық көрді. Бұл туралы Қазақстандағы Үндістан елшілігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

«10 тамыз – қазақ ақыны, философы, музыканты, қоғам қайраткері, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбайұлының туған күні. Абай шығармашылығы гуманизм мен ағартушылық, мейірімділік пен әділдік, халыққа қызмет ету және ұлттың жеке тұлғадан басым болуы идеяларына толы», - деп жазды елшілік Instagram желісінде.

Сонымен бірге елшілік Абай Үндістанның әдебиет саласында да танымал екенін жеткізді.

«2 маусымда Нью-Делиде Қазақстан мен Үндістан арасындағы дипломатиялық қатынастардың 30 жыл толуына орай Абай Құнанбайұлы мүсіні ашылды. Үндістанның астанасы Делидегі ең үлкен көшелердің бірі Абайдың есімімен аталады. Үндістанның мәдени байланыстар кеңесінің (ICCR) көмегімен 40 өлең мен 45 тәрбиелік сөзден тұратын Абай шығармаларының хинди жинағы жарық көрді. Кітап»Сөздердің қазынасы«мағынасын білдіретін «Шабд манжуша» деп аталады», - дейді Үндістан елшілігі.

Айта кетейік, бүгін Қазақстанда Абай күні аталып өтуде. Биыл қазақтың ұлы ақынының туғанына 178 жыл толды.

2020 жылы Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай 10 тамыз – Абай күні болып бекітілген еді.


Соңғы жаңалықтар