Абылайхан Жүсіпов Азия чемпионатында тағы бір күмісті қанағат тұтты

АСТАНА. KAZINFORM – Таиландтың Чиангмай қаласында бокстан өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақстандық спортшы Абылайхан Жүсіпов финалдық жекпе-жегін өткізді. 

күміс алды
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Осыған дейін әлем біріншілігінде үш рет қола, Азияда күміс алған А.Жүсіпов 71 келіге дейінгі салмақта өзбекстандық Хавасбек Асадуллаевқа қарсы келді.

Бірінші раундта бес төрешінің төртеуі Абылайхан басым деп көрсетті – 4:1. Алайда екінші және үшінші раундта таразы басы Х.Асадуллаевқа ауды. Қорытынды есеп – 4:1, өзбек спортшысының пайдасында.

Осылайша, А.Жүсіпов Азия чемпионатында екінші рет күміс алды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Санжар Тәшкенбайдың бокстан Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанғанын жазған едік. Сондай-ақ Махмұд Сабырхан алғаш рет бокстан Азия чемпионатында топ жарды. Оразбек Асылқұлов бокстан Азия чемпионатында күміс алды. Дулат Бекбауов Азия чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері болды.

Соңғы жаңалықтар