Air Arabia 20 маусымға дейін БАӘ мен Ресей арасындағы барлық рейсті тоқтатты

ДУБАЙ. KAZINFORM —БАӘ-нің Абу-Даби, Шарджа және Рас-эль-Хайма қалаларынан рейстер орындайтын Air Arabia әуе компаниясы БАӘ мен Ресей арасындағы барлық рейстерді 20 маусымға дейін тоқтатты. Бұл туралы әуе компаниясының ресми сайтында хабарланды, деп жазды ТАСС.

Air Arabia 20 маусымға дейін БАӘ мен Ресей арасындағы барлық рейстерді тоқтатты
Фото: skytraxratings.com

Тасымалдаушы Ирак пен Иранға ұшуларды 30 маусымға дейін тоқтату туралы шешімді де ұзартты.

Ливан мен Иорданияға ұшатын тұрақты рейстер тиісінше 18 және 21 маусымда қайта ұша бастайды.

Шарджа немесе Абу-Даби арқылы транзитпен аталған екі елге бағыт алған жолаушыларға шығу әуежайында ұшуға рұқсат берілмейді.

Еске сала кетейік, Таяу Шығыстағы жағдайдың ушығуына байланысты Иран мен Ирак әуе кеңістігін жапты. Осы мәселеге қатысты Air Astana компаниясы рейстер әуе кеңістігін айналып  ұшатынын хабаралаған еді.

Иран Израильге тағы да зымыран жіберді.

Бүгін Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Таяу Шығыстағы жағдайдың ушығуына байланысты Иран, Израиль, Сирия, Ирак, Иордания және Ливанның әуе кеңістігі, шекаралары және маңында ұшуға шектеу қоюына қарамастан, аталған мемлекетерге туристердің легі азаймай отырғанын айтты. Таяу шығысқа сапар алдында барлық тәуекел ескерілуі тиіс екенін ескертті.

Соңғы жаңалықтар