АҚШ Гренландияның әр тұрғынына 100 мың доллар төлеп, аралды сатып алмақ

АСТАНА. KAZINFORM — Америка шенеуніктері аралдың Даниядан бөлінуі және АҚШ-тың аннексиялануы туралы талқылаулар барысында Гренландия тұрғындарына бір реттік төлем жасау мүмкіндігін қарастырды, деп хабарлайды Reuters.

АҚШ Гренландияның әр тұрғынына 100 мың доллар төлеп, аралды сатып алмақ
Фото: bruegel.org

Бұл ақпарат төрт дереккөзде хабарланды. Талқылауда бір адамға 10 000 доллардан 100 000 долларға дейінгі сома беру мәселесі қаралған. Дегенмен, төлемдердің нақты мөлшері мен оны жүзеге асыру механизмі әлі түсініксіз. Бұл келіссөздерге Ақ үйдің көмекшілері де қатысқан.

Данияның автономды аумағы болып табылатын Гренландия тұрғындарына тікелей төлем жасау идеясы, АҚШ-тың 57 мыңға жуық тұрғыны бар аралды қалай бақылауға алуға болатын нұсқалардың бірі ретінде қарастырылады. Бұл Копенгаген мен Нууктағы биліктің «Гренландия сатылмайды» деген мәлімдемесінің аясында орын алады.

Талқыланған бастама Ақ үйде қарастырылған әртүрлі сценарийлердің бірі болып отыр. Бұл АҚШ-тың аймақтағы ықпалын күшейтудің жолы ретінде қарастырылған. Сонымен қатар, мұндай тактиканы ұзақ уақыт бойы өзінің тәуелсіздігі мен Данияның экономикалық тәуелділік мәселелерін талқылайтын халық үшін "қорлау" деп қабылдауға болады.

Дональд Трамп бұған дейін Гренландияның АҚШ-қа қосылуы қажеттігін бірнеше рет айтқан болатын. Алғашқыда ол аралды сатып алуды ұсынды және 2025 жылдың наурызында оның аннексияланатынына сенім білдірді. Егер бас тартса, Данияны сауда тарифтерімен қорқытты.

Дания премьер-министрі Метте Фредериксен бұл мәлімдемелерді қабылдамады және Гренландияны патшалықтың бір бөлігі екенін атап өтті.

Бұған дейін АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио заң шығарушыларға президент Дональд Трамптың Гренландияны басып алуды емес, сатып алуды жоспарлап отырғанын хабарлаған болатын.

Ақ үй Гренландияны сатып алу «ұлттық қауіпсіздік басымдығы» екенін және бұл мақсатқа жету үшін АҚШ әскери күштерін пайдалану қарастырылып жатқанын мәлімдеді.

Сондай-ақ Гренландиядағы жағдайды талқылау үшін келесі аптада Дания шенеуніктерімен кездесу жоспарланғаны хабарланды.

Соңғы жаңалықтар