АҚШ пен Қытай тарифтік келісімді тағы үш айға ұзартты
ВАШИНГТОН. KAZINFORM – АҚШ пен Қытай өзара тарифтік жеңілдіктерді тағы үш айға ұзартуға келісті, деп хабарлайды Report Sveriges Radio радиостанциясына сілтеме жасап.

Тиісті келісім 28-29 шілде күндері Стокгольмде өткен екі күндік келіссөздер нәтижесінде қабылданды. Келіссөздерге АҚШ Қаржы министрі Скотт Бессент пен Қытай Мемлекеттік кеңесінің вице-премьері Хэ Лифэн жетекшілік етті.
Бұған дейінгі тарифтік келісім 10-11 мамыр күндері Женевада жасалған болатын. Ол бойынша Вашингтон қытайлық тауарларға кедендік алымды 115%-дан 30%-ға дейін төмендетсе, Пекин америкалық өнімге қойылатын баж салығын 10%-ға дейін қысқартқан. Аталған келісімнің мерзімі 12 тамызда аяқталуы тиіс еді.
Бұған дейін Трамп АҚШ пен Қытайдың тығыз қарым-қатынас орнатып, ынтымақтасатынын мәлімдеген еді.