13:31, 11 Наурыз 2025 | GMT +5
АҚШ-та жедел жәрдем тікұшағы апатқа ұшырап, үш адам қаза тапты
АСТАНА. KAZINFORM — Миссисипи штатында жедел жәрдем тікұшағы апатқа ұшырап, үш адам қаза тапты. Бұл туралы CBS телеарнасының жергілікті филиалы хабар берді.

— АҚШ-тың Миссисипи штатындағы Миссисипи университетінің медициналық орталығында жедел жәрдем тікұшағының апатқа ұшырауы салдарынан үш адам қаза тапты, — делінген хабарламада.
Тікұшақ Медисон округіндегі Натчез трактіне жақын жерде апатқа ұшыраған.
Округтегі шериф кеңсесі өкілінің мәлімдеуінше, тікұшақ орманға құлаған. Медициналық орталық өкілдерінің айтуынша, бортта олардың екі қызметкері мен ұшқыш қана болған.
Қоса кетейік, Филадельфияда санитарлық авиация ұшағы апатқа ұшыраған еді. Апат салдарынан 7 адам қаза тапқан.