АҚШ-тағы президент сайлауы қалай өтіп жатыр

АСТАНА. KAZINFORM — АҚШ-тағы президент сайлауы тыныш жағдайда өтіп жатыр, бірақ америкалықтар арасында алаңдаушылық бар, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

Как пройдут выборы президента США
Фото: freepik

Харрис пен Трамп сайлаушыларының көпшілігі екінші тарап жеңілсе, саяси шиеленіс болуы мүмкін деп алаңдайды.

Шамамен 10 азаматтың 7-еуі (екі жақтан да) президент сайлауының нәтижесіне байланысты шиеленіс болуы мүмкін деп санайды.

статистика
Фото: cbsnews.com

Елдегі жағдайға байланысты наразылықтар да бар. Дональд Трамп сайлаушыларының басым бөлігі ағымдағы экономиканы теріс деп санайды, ал Камала Харрис сайлаушылары керісінше бағалайды.

статистика
Фото: cbsnews.com

Сонымен қатар, 15 штат Ұлттық гвардияны сайлау күніне жұмылдырды: Алабама, Аризона, Делавэр, Гавайи, Иллинойс, Айова, Нью-Мексико, Солтүстік Каролина, Орегон, Пенсильвания, Теннесси, Техас, Вашингтон, Висконсин және Батыс Вирджиния.

Ұлттық гвардия бюросы президенттік сайлау кезінде болуы мүмкін азаматтық толқуларға байланысты Колорадо, Орегон, Вашингтон, Флорида, Невада және Колумбия округі сияқты бірнеше штатта 85-ке жуық қызметкер сақтық шарасы ретінде күту режимінде екенін айтты.

АҚШ-тағы сайлау
Фото: Рустем Кожыбаев / Kazinform

Сайлау нәтижелері сейсенбі күні кешке бүкіл ел бойынша сайлау учаскелері жабылғаннан кейін шыға бастайды. Дегенмен көптеген негізгі штаттарда кімнің жеңгенін білу үшін біраз уақыт қажет, ал ресми нәтижелерді алу үшін одан да көп уақыт кетуі мүмкін.

Еске салсақ, АҚШ-та президент сайлауы басталды.

АҚШ президентіне кандидат Дональд Трамп Палм-Бич участігінде дауыс берді.

Сондай-ақ, Трамп жеңіске жету үшін қажет 270 сайлаушы дауысының жартысынан көбін жинағаны хабарланды.

Бұл ретте АҚШ-тағы президент сайлауы Қазақстанға қалай әсер ететіні жайлы жазған едік.

Соңғы жаңалықтар