Ақша айырбастау орындарында доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр

АЛМАТЫ. KAZINFORM - Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 502 – 509 теңгеден саудаланып жатыр. 

Ақша айырбастау орындарында доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр
Фото: Максат Шагырбаев/ Kazinform

Ұлттық банктің 13 ақпанға ұсынған ресми бағамы — бір долларға 501,31 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,33 теңге. Еуро — 520,11.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 509,1 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 505,1 теңге. Еуро 525,5 — 520,5 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 508 теңге, сатып алу құны — 502 теңге. Еуро 528 теңгеден сатылып, 521 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,25 - 5,35 аралығында саудаланып жатыр.

Айта кетейік, 12 ақпан кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 4,42 теңгеге төмендеп, 501,83 теңге болған.

Осыған дейін Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы 2025 жылы доллар 545 теңгеге дейін баруы мүмкін екенін айтты

Сондай-ақ Ұлттық банк валюта айырбастаудың жаңа ережесін бекітетінін мәлімдеді

Қазақстандық экономистер теңгенің нығаюына мүмкіндік бар екенін айтты.

Соңғы жаңалықтар