Ақша айырбастау орындарында доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр

АЛМАТЫ. KAZINFORM - Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 492 – 499 теңгеден саудаланып жатыр.

доллар
Фото: freepik.com

Ұлттық банктің 8 наурызға ұсынған ресми бағамы — бір долларға 494,84 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,58 теңге. Еуро — 537,40.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 495 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 492 теңге. Еуро 532 — 537 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 499 теңге, сатып алу құны — 492 теңге. Еуро 536 теңгеден сатылып, 529 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,45 - 5,55 аралығында саудаланып жатыр.

Айта кетейік, 7 наурыз кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 2,07 теңгеге төмендеп, 494,26 теңге болған.

Осыған дейін Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы 2025 жылы доллар 545 теңгеге дейін баруы мүмкін екенін айтты.

Сондай-ақ Ұлттық банк валюта айырбастаудың жаңа ережесін бекітетінін мәлімдеді.

Қазақстандық экономистер теңгенің нығаюына мүмкіндік бар екенін айтты.

 

Соңғы жаңалықтар