Ақша айырбастау орындарында доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр

АЛМАТЫ. KAZINFORM - Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 497 – 503 теңгеден саудаланып жатыр.

валюта
Фото: pexels.com

Ұлттық банктің 28 ақпанға ұсынған ресми бағамы — бір долларға 501,49 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны – 5,77 теңге. Еуро – 525,71.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 502,1 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 499 теңге. Еуро 523 – 528 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы – 503 теңге, сатып алу құны – 497 теңге. Еуро 528 теңгеден сатылып, 521 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,60 - 5,74 аралығында саудаланып жатыр.

Осыған дейін Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы 2025 жылы доллар 545 теңгеге дейін баруы мүмкін екенін айтты. 

Сондай-ақ Ұлттық банк валюта айырбастаудың жаңа ережесін бекітетінін мәлімдеді. 

Қазақстандық экономистер теңгенің нығаюына мүмкіндік бар екенін айтты.

Соңғы жаңалықтар