Ақтауда жарты жылдан бері жалақы алмаған мұғалімдер жұмысын тоқтатты

АҚТАУ. KAZINFORM — 27 шағын ауданда орналасқан «Әлфараби» жекеменшік мектебінің жиырмадан астам мұғалімі жалақы алмай 6 ай жұмыс істеген. Оларға жаздағы еңбек демалысының да қаражаты төленбепті. Ашынған ұстаздар сабақ өткізуден бас тартып, жұмысты тоқтатты.

Ақтауда мұғалімдер жарты жылдан бері айлық алмаған
Фото: Аягөз Ізбасарова\Kazinform

— Жалақы болмаған соң зейнетақы қорына да ақша түспейді. Оған қоса міндетті медициналық сақтандыру қорына бір тиын ақша түскен жоқ. 6 ай болды еңбек демалысының ақысын әлі алған жоқпыз. Ақшамызды сұрасақ есепшотымыз жабық деп түрлі сылтау айтады, — дейді мұғалімдердің бірі Рахат Шәудірбаева.

Ақтауда мұғалімдер жарты жылдан бері айлық алмаған
Фото: Аягөз Ізбасарова\Kazinform

Жеке меншік білім ордасында 1 мыңға жуық оқушы оқиды. Мектеп директорының сөзінше, білім беру ұйымы былтыр банкрот болып, қайта аяққа тұрған.

Ақтауда мұғалімдер жарты жылдан бері айлық алмаған
Фото: Аягөз Ізбасарова\Kazinform

— Қолхат беріліп, алдын ала түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Зейнетақы қоры мен медициналық сақтандыру бойынша келісімін берген ұстаздарға ақша аударылды, ақшасы әлі түспеген мамандар да бар. Ол енді жеке қызметкерлердің өзімен келісім-шарт бойынша жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда қазан айының жалақысын алмаған 20 шақты мұғалім бар оларға да айлықтары түсіп жатыр. Мекеме қазір қиын жағдайда тұр. Бірақ, мәселе шешіліп жатыр, — дейді жекеменшік лицейдің құрылтайшысы Еркебұлан Нұрханұлы.

Ақтау қалалық білім бөлімі басшысы Ғани Құрманғалиевтің айтуынша, жеке меншік мектеп тікелей Оқу ағарту министрлігі жанынан құрылған «Қаржы» орталығымен жұмыс істейді. Қаржы министрліктен бөлінеді.

Ақтауда мұғалімдер жарты жылдан бері айлық алмаған
Фото: Аягөз Ізбасарова\Kazinform

Осы оқиғадан кейін мектеп директоры мұғалімдердің жалақысын жыл соңына дейін төлеуге уәде берді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы облысында мұғалімдерге жарты жыл жалақы төленбегенін жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар