Ақтөбе әкімі халықпен есептік кездесулер өткізеді

АҚТӨБЕ. 21 қаңтар. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - Ақтөбе қаласының әкімі Архимед Мұхамбетов қала тұрғындарымен өткізетін есептік кездесулерінде 2010 жылғы жұмыстың қорытындысын шығарады және ағымдағы жылдың жоспарлары туралы әңгімелеп береді.
None
None

Бұл туралы қалалық әкімдіктен хабарлады.

Атап айтқанда, әкімнің бірінші кездесуі 31 қаңтарда Сазды селолық округінің Мәдениет үйінде өтеді. Әкім сондай-ақ Қурайлы ауылының тұрғындарымен кездеседі. Ал ақпан айында әкімнің қаланың тұрғын үй-коммуналдық секторы қызметкерлерімен кездесуі болады. Тағы екі жүздесу №31 орта мектепте және облыстық драма театрында өтеді.

Қала тұрғындары әкімге қоятын сауалдары мен айтатын ұсыныстарын арнайы орнатылған жәшіктерге сала алады, қалалық әкімдіктің 21-54-68 нөмірлі телефонына немесе ak_aktobe@mail.ru электрондық адресіне жолдай алады.

Соңғы жаңалықтар