Ақтөбе әкімінің есептік кездесулері аяқталды

АҚТӨБЕ. 4 ақпан. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - Бүгін Ақтөбеде Т.Ахтанов атындағы драмалық театрда қала әкімі Архимед Мұхамбетовтың бесінші, ақырғы есептік кездесуі өтті.
None
None

Қала тұрғындарымен болған кездесуге сондай-ақ облыс әкімі Елеусін Сағындықов та қатысты.

Қала әкімі 2010 жылы атқарылған жұмыстар туралы есеп беріп, ағымдағы жылдағы жоспарлар туралы әңгімеледі.

Ақтөбе қаласы бойынша бүгінде жұмыс істеп тұрған өнеркәсіптік кәсіпорындардың жалпы саны 300-ден асады. 2010 жылы қала кәсіпорындары 176,5 миллиард теңгенің өнеркәсіптік өнімін өндірді, нақты көлем индексі 116,2 пайызды құрады, деп атап көрсетті қала әкімі.

Өткен жылы Ақтөбеде әлеуметтік-мәдени мақсаттағы көптеген нысандар пайдалануға берілді, олардың ішінде - қаладағы бірінші жерасты өткелі, бірінші көпдеңгейлі автопаркинг, 200 орындық көппрофильді балалар ауруханасы, балабақшалар, Красносельское селосындағы орта мектеп, балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығы бар. Сондай-ақ Т.Ахтанов атындағы драмалық театрда қайта жаңарту жұмыстары жүргізілді.

«Бизнестің жол картасы -2020» бағдарламасы бойынша кәсіпорындарды қолдау жұмыстары жалғасуда.

«Бизнестің жол картасы -2020» бағдарламасы бойынша облыстық әкімдіктің қала кәсіпорындарына көрсеткен көмегі 200 миллион теңгеден астам соманы құрады. Қаражат инженерлік желілер тарту, жол салу, инфрақұрылым, сервистік қызмет көрсету салаларына жұмсалды. Биыл да кәсіпкерлік басқармасына 500 миллиондай теңге сомаға өтініш беріп отырмыз», деді А.Мұхамбетов.

Соңғы жаңалықтар